Айнұр Тұрсынбаева: Адам есейген сайын ақылым көбейіп келе жатыр деп ойлайды

Айнұр Тұрсынбаева адамның есеюі, көңіл-күйі, адамдардың бірін-бірі жек көруі мн кешіруі сынды ішкі толғанысын ақтарып айтты.

“Адам есейген сайын ақылым көбейіп келе жатыр деп ойлайды… Бірақ ақылды болған сайын арманға қол жеткізу қиындап, көп нәрсеге сене бермейтін боламыз… Байқайсыздар ма, қай-қайсымыздың болсын бала кездегі армандарымыздың көбі орындалған.. Неге..?! Себебі баланың энергетикасы таза!

Олар ешкімді жамандамайды… Ешкімге ренжімейді… Ешкіммен ұрсыспайды… “Періште айтса қабыл болады”, “періште жол қарап еді, қонақ келді” деп өзіміз де талай айттық… Көп жағдайда неге тілегіміз қабыл болмайды..! Себебі Жаратушыға айтып жатқан арызымыздың жолын өзіміз жауып тастаймыз.. Блок көп! Негатив көп! Жаман энергетика көп..! Шашымыз кірлесе жуамыз, үйіміз кірлесе тазалаймыз, киім кірлесе жуамыз… Ал жан-дүниені ше..?! Оны тазалаудың жолы көп”, – деп жазады айтыскер желідегі парақшасында.

Ең алдымен өзімізді ренжіткен адамдарды кешіру… Қанша қиын болса да кешіріңіз, сонда өз жолыңыз ашылады… Сосын өзіміз ренжіткен адамдардан кешірім сұрау…Ол да блок! Өзіміз білмейтін әңгімеге араласпау! Қорқынышты жаңалықтардан, кинолардан миды таза ұстау..! Жүрегімізге жақын қабылдайтын ауыр сериалдарды қарамау..! Кісінің көңіліне келетін ауыр сөз айтпау! Біреу тиісіп жатса жауап бермеу..! Тазалықты балалардан үйренуіміз керек негізі.. Яғни жүрек пен миды таза ұстаңыз..! Тазалаңыз..! Сонда барлық тілегіңіз қабыл болады… Жолыңыз ашылады..! Сәттілік!

Тағы да оқыңыз:

Асанәлі Әшімов: Ұлымды фильм рөліне дайындау үшін қара су мен нан беріп әбден жүдеттім

Қылмыс әлемінде «Баха-Фестиваль» деген лақап атпен танылған Бақыткелді Баясов деген кім?

ҰҚК: Соғыс жүріп жатқан Сирия мен Иракта 390 қазақстандық бала бар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар