Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер бетіндегі ең алып 15 жануар (фото)

Әдетте алып нәрсені, оның ішінде ірі жан-жануарларды көрген кезде ерекше таңқалу сезімі пайда болады. Бүгінде назарларыңызға ерекше жануарлар әлемінің тұрпатты өкілдерін ұсынып көрелік. Бірақ соншалықты үлкен аңдардың шын мәнінде қандай екеніне көз жеткізу, расында әсерлі болмақ.

8-big-jake

Бұл туралы TheRichest хабарлайды.

1-goliath-birdeater

Голиаф өрмекшісі. Бұлар кішкентай, улы табандары бар өрмекшілер. Олар көбіне шыбындар мен майда кесірткелерді қорек етеді. Бірақ үнемі емес. Бұл әлемдегі ең үлкен өрмекші. Амазонкадағы джунглиді мекендейтін ол бақа, құрбақа, кесіртке, тышқан, кішкентай жыландарды жейді. Ең ауыр дегенде 175 грамм тартады.

2-worlds-tallest-dog

Зевс – 2013 Гиннестің рекордтар кітабының дерегі бойынша әлемдегі ең бойшаң ит. Егер ол түрегеп тұратын болса онда бойы 2 метрге жетеді. Өкінішке қарай бұл алып ит алты айға толарына үш күн қалғанда өлген.

3-African-Giant-Snail

Алып африкалық ұлу. Бірақ соншалықты алып деген ұлудың бар көлемі алақандай ғана.

4-Darius (1)

Дариус – әлемдегі ең үлкен үй қояны. Қоянның салмағы 22,5 келі, ал бойы 130 см. Оның Джефф атты ұлы әлі кішкене екеніне қарамастан өте жылдам өсіп келеді. Бұл екі алып қоянды ұстап отыру үшін қожайындары 63 жастағы Аннетт Эдвардс жыл сайын 5000 фунт стерлинг жұмсайды.

5-Giant-Salamander

Қытайлық алпауыт саламандра. Ең ірі заманауи қосмекендінің бойы 180 см-ге жетеді. Бірақ түрі аса қорқынышты бұл жәндік өзінің бауырластарын жей береді. Қазір жер бетінде өте аз қалған. Дерек бойынша аздаған жапон саламандрасы тіршілік ететін көрінеді.

6-ludo

Людо – әлемдегі ең ұзын мысық. Әдетте мейн-кундар үлкен әрі үлпілдеген мамықты мысық ретінде белгілі. Бірақ, Людо – әдеттегіден басқаша мейн-кун. Ол 17 айлығында 11 келі тартып, бойы 110 см-ге жеткен. Оның иесінің сөзінше, үй жануарының алыптығына олардың өзі таңқалыпты.

7-goliath-frog

Алып құрбақа. Егер сіз құрбақадан қатты қорықсаңыз онда Камерун мен Гвинея елдеріне бармаған дұрыс. Бұл құрбақалардың ұзындығы 30 см-ге дейін жетеді. Өте жылдам өсетін бұл жәндік түрі, аталмыш елдерді әбден жаулап алған.

8-big-jake

Үлкен Джейк – әлемдегі ең үлкен жылқы. Әрине жылқыларды кішкентай жануар деп атауға келмейді. Бірақ, олардың өз арасында да алпауыттары бар. Бұл бельгиялық меринаның ұзындығы 210,2 см, ал салмағы тоннадан асып кетеді екен. Ол туған кездің өзінде 100 келіден астам салмақпен туған. Қазір ол Висконсиндегі фирмада.

9-hercules-liger

Лигр Геркулес – арыстан аталығы мен жолбарыстың будандасқанынан пайда болған. Бұл жануар 2006 жылы Гиннестің рекордтар кітабына жер бетіндегі мысықтардың ең алыбы ретінде тіркеліпті. Бойы 3,7 метр болса, салмағы 400 келі.

10-Japanese-Spider-Crab

Жапондық шаян-өрмекші. Оның салмағы 19 келі, ал бойы 5,5 метр. Жапонияда оларды жиі аулап алып, жеңсік ас ретінде тұтынады. Қазір жануардың осы түрін сақтау шаралары жүргізіліп жатыр.

11-Blossom-The-Worlds-Tallest-Cow

Блоссом – әлемдегі ең ұзын сиыр. Бұл жануар Гиннес кітабына екі мәрте енген. 2015 жылы әлемдегі ең ұзын сиыр ретінде танылғаннан кейін, өкінішке қарай көп өмір сүрмеген. Бұл жағдайға өкініш білдірген рекордтар кітабының ұжымы сиырды келесі жылы тағы да енгізген. Салмағы тоннаға жеткен бұл сиырдың бойы 2 метрге жетіп жығылыпты.

12-giant-stingray

Шаншарқұйрықты. Тұтасқанаттың салмағы 360 келі. Оны Тайландтағы Май Клонг көлінен аулап алған.

13-Medusa-Worlds-Longest-Snake

Медуза – әлемдегі ең ұзын жылан. Ол да Гиннес кітабынан орын алған. Оның ұзындығы 7,5 метрге жетеді екен.

14-Lolong-The-Worlds-Largest-Crocodile

Лолонг – әлемдегі ең үлкен теңіз қолтырауыны.

15-big-bill

Үлкен Билл – әлемдегі ең үлкен шошқа. Ол өз рекордын 1933 жылы орнатып қойыпты.

Оқи отырыңыз:

Гиннестен бас тартып орамалын шешпеген 124 жастағы әже

Намазға бас қойған америкалық профессор не себепті егіліп жылағанын айтты

Алматыда бойжеткен көпірден секірмек болған жігітті құтқарып қалды (видео)

Астанадағы кептеліс. Қала әкімі кептеліс үшін премьер-министрен сөз естіді

Талқылау