Жер бетінде еркек қалмауы мүмкін

Жексенбі, 17 Қаңтар , 2016 9:51

Австралия профессоры Дженни Грейвс болашақта жер бетінде ер адамдар жойылуы мүмкін деп есептейді деп хабарлайды inform.kz.

mugchina-hochet-rebenka
Оның есебінше, жыл сайын дүниеге келетін балалардың саны азайып, бес миллион жылдан кейін олар түбегейлі жойылады. Бұл жыныстар арасындағы айырмашылыққа жауап беретін Y-хромосомасының бұзылуы салдарынан болады. Грейвстің айтуына қарағанда, адам эволюциясы кезінде ол геннің шамамен 90 пайызын жоғалтты және бұл үдеріс жалғасып келеді.
Ерлер ДНК-сында XY жұбы, ал әйелдерде XX болғандықтан, әйелдер хромосомасы зақымданған бөліктерін алмастыра алады. Ерлерде мұндай қасиет жоқ. Сөйтіп, ерлердің гендері азайып барады. Бүгінде ерлердің Y-хромосомасында 100-ге жуық ген бар, бұрын оның саны 1000 және одан да артық болған.
Бүгінде әрбір 100 мың ер адамның арасында 4-5 ұл де Ля Шапеля синдромымен туады. Оларда Y-хромосомасы жоқ, ал ерлердің гені біреу болады немесе 2 X-хромосомасы болады. Де Ля Шапеля синдромы бар адамдардың сырт келбеті әйелдерге ұқсас, өкінішке қарай олар бала сүйе алмайды, деп жазады британияның Daily Mail газеті.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар