Жеңіс Ысқақова ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той жасады (фото)
Жеңіс Ысқақова ұлан-асыр той жасап, тұңғышын үйлендірді. Ақ түйенің қарны жарылған күнге аянбай бар жиғанын төкті, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұған дейін Жеңіс Ысқықованың келін түсіргенін жазған болатынбыз.
Өнер тарландарының басын қосқан дүркіреген тойдың басты кейіпкерлері Айбатыр мен Карина. Карина Екібастұздың тумасы.

Қайынәпкесі Гүлнәр Ысқақованың айтуынша, жастардың маxаббаты бала кезден басталған. Жеңіс те, әпкесі Гүлнар да келіндерін елгезек, ақкөңіл, дәрігерлер отбасынан шыққан текті, тәрбиелі қыз деп мақтап отыр.

Тойда қалыңдықтың да, Жеңіс xанымның да тойдағы киім үлгісі мен макияжына Кенжебек мырза жауапты болды. Жеңіспен он жылдан астам уақыт доспыз деп мақтанған ол тіпті тойдың төрінде қонақпын деп отырған жоқ, келіншекті әрлеп әлек болды.

Сөз арасында Жеңістің үстіндегі мына алтын түсті көйлектің құны 2-3 мың доллар болса, қалыңдықтың көйлегі 5000-нан әлдеқайда асатынын айтып қалды.
Кенжебек мырза “Досының тойында шашылмағанда қайда шашыламын” деп ақ конвертке 1-2 мың АҚШ долларын сала келгенін де айтты.

Той төрінде бұдан басқа Досxан Жолжақсынов пен жұбайы Қарагөз Сүлейменова, Гүлнұр Оразымбетова мен күйеуі Серікбай Нұрғисаев, Жеңіс Сейдоллаұлы, Жанар Айжанова, Құдайберген Бекіш те төбе көрсетті.


Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"