Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова келініне: Менімен дос болсаң, ұлым ешқайда кетпейді

Жуырда ғана болашақ келініне сырға салған Жеңіс Ысқақова отбасында ене мен келін арасында достық қарым-қатынас болу керектігін сөз етті.

18723015_439405793118729_8990834389961146368_n

Бұл туралы әнші Hit TV арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Ысқақова халыққа оның шығармашылығынан қарағанда жеке өмірі әлдеқайда қызық болғанын түсінгенде таңырқап қалғанын жасырмады.

“Халық үшін біздің шығармашылығымыз емес, жеке өміріміз қызық екен. Мен оны келінге сырға салып, әлеуметтік желіге сала қойып едім, сол ең көп көрермен жинады. Сол кезде түсінгенім, халық сахнадағы емес, өмірдегі Жеңісті білгісі келеді екен.

Сондықтан айтарым, сырға салдық. Тойға асықпай дайындалып жатырмыз”, – деген әнші тойдың күзде болатынын мәлімдеді.

Ысқақованың айтуынша, ұлы мен болашақ келіні бір-бірін 6 жылдан бері таниды екен.

“Келінді өзім таңдаған жоқпын, ұлым өзі таңдады. Өзінің алғашқы махаббаты, 18 жасынан бергі қолынан ұстап, бірге жүрген досы әрі сырласы. Екеуі жақсы, бірге жүргендеріне 6 жылға аяқ басты. Оқуларын бітірді, екеуі 1-курста оқып жүргенде танысып, бір-бірін күтіп жүр. Енді жұмыстарына орналасып, аяқтарына тұрып, оңды-солды болған кезде үйленеміз деп отыр”, – деп түсіндірді әнші.

Ысқақова не себепті тойды күзге қалдырғанын айтып берді.

“Той күзде. Оның себебі әне-міне дегенше ертең ЭКСПО көрмесі басталады. Онда менің әріптестерім жұмыс істейді. Бірі болып, бірі болмай қалып жатса тойымда, «сен біздің жұмыста жүргенімізді біліп тұрып, неге қарбалас кезеңге қойдың тойыңды?» демесін деп, ЭКСПО-ны аяқтаған бойда, бүкіл әріптестерім демалысқа шыққан кезде солармен бірге тойлағым келіп отыр”, – деді Жеңіс Ысқақова.

Әнші болашақ келініне өзімен дос болуға кеңес берді.

«Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады?» дегендей, «келіншек кезінде бәрі жақсы, жаман ене қайдан шығады?» деп тағы жүрмесін. Ене мен келіннің арасында достық болу керек. Өз шешемнің қағидасы бар: «Енеңмен дос болсаң, күйеуің ешқайда кетпейді» деген. Мен де соны өз келініме айтамын: «Келінім, менімен дос болсаң, Айбатыр ешқайда кетпейді», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Әпкесі Қарақаттың қызына гаухар тасты сырға тақты (фото)

Танымал ақын Қайратты жерге теңеген Бибігүл Төлегенованың өзін сынап тастады

Астанада концерт жүргізген Мәдина Сәдуақасова тағы да сынға ілікті (фото)

Дәурен Айдарқұлов отбасын қолдаған жандарға алғыс айтты

Талқылау