Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада концерт жүргізген Мәдина Сәдуақасова тағы да сынға ілікті (фото)

Кеше Астанадағы “Қазақ елі” алаңында ашық аспан астында Open Air концерті болып өтті. 30-ға жуық әнші қатысқан кешті әнші Мәдина Сәдуақасова мен актер Тұрсынбек Қабатов жүргізді.

мадина турсынбек 020617

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Кешке елорда тұрғындары түгелдей дерлік алаңға жиналды. Ал еліміздегі ең атышулы топ Ninety one-ның жанкүйерлері түскі уақыттың өзінде алаңдағы алдыңғы орындарды алып алды.

Ал бұл – Мәдина Сәдуақасованың бірінші рет концерт жүргізуі емес. Журналистиканың магистратурасын бітіріп, кәсіби маман атанған әнші елдегі ауқымды шараларды жүргізіп те жүр. Десе де Сәдуақасова бұл жолы да тыңдармандар сынына ұшырады.

18812213_466088380402396_8159626633272098816_n

 

Желідегілер Сәдуақасованың сахналық образын қызу талқылап жатыр.

“Осы шаш үлгісі мүлдем жараспайды”, “Шашыңызды неге өзгерттіңіз”, “Түріңді кекіл бұзатын сияқты”, “Корсет киіп алғансыз ба?” “Ана көйлекті шешкен соң демалып қалатын шығарсыз”, “Көйлектеріңіздің бәрі бір пішіндес, басқа модель кимейсіз бе”, – деп сынады тыңдармандар.

18812539_304247420000940_3228644671521554432_n

“Нағыз сұлу қазақтың қызы”, “Дене сымбатыңызға сөз жоқ”, “Шаш үлгісі те, көйлек те әдемі жарасып тұр”, “Осы сіздерге ештеңе жақпайды”, – деп қорғады әншінің жақтаушылары.

Жіберіп алмаңыз:

Отбасылы актермен көңіл қосқан KeshYou тобының экс әншісі босанды

Қыдырәлі Болманов Астананың қақ ортасына киіз үй пішіндес батут қойды (видео)

Гүлзира Айдарбекова келіні туралы бар шындықты айтып берді

Меруерт Өтекешова: Жаманқұловпен бірге оқығаныма ұяламын деп айтуымның өз себебі бар

Талқылау