Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова: Күйеуіме сырттан бала тапқызуға рұқсат бермеймін

Жеңіс Ысқақова сыртта жүріс жасап, көңілдесінен балалы болып жатқан ер азаматтардың көбейіп кеткеніне күйінді. Бұл ретте әнші күйеуіне сырттан бала тапқызуға рұқсат бермейтінін кесіп айтты. Тіпті алшаң басқан жағдайда онымен ажырасуға дайын екенін жеткізді.

Бұл туралы Жеңіс Ысқақова “Астана” арнасының “Сырласу” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Ер азаматтардың қазір адасқан кезі болып тұр. Баяғыда менің апамның бір жаман мақалы бар еді: “Өзбек байыса, үй салады. Қазақ байыса, қатын алады”. Бізде бір ұғым кетіп қалды, далада бір баласы жүгіріп жүрсе, соған мәз болатын қазақтар бар қазір. Құдай-ау, неге терең ойланбайды азаматтар? Ол баланың тағдырын, ол баланың анасының тағдырын?! Ол бала ертең кіммін дейді, қай тобырға барып қосылады? Қай рудан болады? Бұл бөлінгендік емес, ертеңгі күні қанын бұзбау үшін ол жеті атасын білуі керек. Сенің жүрегің соған қалай мақтанады, оған жылау керек қой. Сен күндіз-түні оның қасында бола алмасаң, оған әкелік ақылыңды бере алмасаң, ол баланың табанына тікен кіріп кеткен кезде қасында бола алмасаң, несіне мәз боп отырсың деп соған жыным келеді”, – деді әнші ағынан жарылып.

Ысқақованың айтуынша, қызға қарамайтын еркек жоқ. Бірақ ері өзге қызға қараған күннің өзінде, оның балалы болуына жол бермеу керек дейді әнші.

“Қызға кім қарамайды, қымызды кім ішпейді?” деген тағы бір жаман мақал бар. Иә, барып қаларсың, көріп қаларсың, қателесіп қаларсың. Бірақ айналайын, даладан бала тудырмашы деймін жолдасыма. Ал тудырдың ба, сол балаларға бар, мен мына балаларымды тәрбиелей аламын деймін. Мүмкін қатігездік шығар бұл. Бірақ мен түсінбеймін ондайды”, – деп атап өтті Жеңіс Ысқақова.

Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова «Бала дауысында» жерлесін жақтап кетті

Сынақтан сабақ алдым: Кенжебек Жанәбілов науқас балаларға арнап мектеп ашпақшы

Мақпал Жүнісова Инстаграмға “ішкен-жегенін” салатын әріптестерін сынап тастады

Асылым 1 жаста: Арман мен Ашаның тойға дайындығы қалай? (фото)

Талқылау