Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Жеңгетайлықпен» айналысқан экс-депутаттың ісі сотқа жетті

Рудный қалалық мәслихатының экс-депутаты Юлия Каралаштың ісі қазан айының соңында қаралады. Сот отырысы жабық тәртіпте өтеді.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Астана арнасы хабарлайды.

Қалалық мәслихаттың бұрынғы депутатына жеңгетайлық жасап, жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға итермеледі деген айып тағылып отыр. 25 жастағы Юлия Каралаш депутат болып сайланғанға дейін ірі кәсіпорындардың бірінде қызмет атқарған. Таяуда ол мандатынан бас тартқан болатын. Ал Рудный қалалық мәслихатының аппарат жетекшісі  бойжеткеннің депутаттық құрамнан шығарылғанын мәлімдеген.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде ауруханаға сау болып келген бала сал болып қалды

Президентпен кездескен шетелдік дипломаттар қазақша сөйледі

Ақтөбеде қала тұрғынын жерлеу 80 мың, ауыл тұрғынын жерлеу 30 мың теңге болып бекітілді

Талқылау