Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жемқорлық бойынша істі болған бұрынғы әкім білім саласынан келді

Сыбайлас жемқорлық әрекетіне барғаны үшін ұсталып, кейін шартты түрде жаза алған Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын жаңа жұмысқа орналасты.

ерлан1

Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап  STAN.KZ  хабарлайды.

Ерлан Арын  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Еуразия» ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері болып жұмысқа орналасты.

«2015 жылдың 1 маусымындағы бұйрық бойынша Ерлан Мұхтарұлы Арын «Евразия» ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері ретінде жұмысқа қабылданды. Ерлан Арын университетте оқытушылық қызметпен айналыспайды, профессорлар мен оқытушылар құрамында жоқ екен.

Еске сала кетейік, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын үш жылға шартты түрде сотталып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан 5 жылға айырылған болатын. Ол 2014 жылдың наурызында мемлекет қаржысын жымқырып, сыбайлас жемқорлыққа барғаны үшін жауапқа тартылған еді.

Талқылау