Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеміс-жидек диетасын ұстанған 46 жастағы әйелдің сырт келбеті екі есе жас көрінеді

Британиядағы Ротерем қаласының тұрғыны вегандық және жеміс-жидек диетасын ұстанғандығының арқасында өз жасынан екі есе жас көрінеді. 46 жастағы әйелдің қазірде үш баласы бар.

укук

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Әнші Белинда Уайт йогамен айналысқан күннен бастап өз отбасына да дұрыс тамақтану үрдісін енгізген. Ол күніне 20 жеміске дейін тұтынады. Дәрігерлер де оның физикалық тұрғыда өте керемет формада екенін айтыпты. Британиялықтың сөзінше өсімдік тағамдары оның терісі, шашы мен тырнақтарының күшін арттырған.

“Мен құдды жас кездегідеймін. 46 жаста екеніме қарамастан өзімді 28-дегідей сезінемін. Мен осы уақытта 12 келі салмақ тастай алдым”, – дейді Уайт. Ол аптасына төрт рет йогамен айналысады. Ол өзінің күйеуін де осы өмір салтына үйреткен. Егер талабын орындамаса ажырасамын деп те қорқытыпты.

BELINDA-WHITE-FRUIT-DIET-727163

Тамыз айында жапониялық модель Риса Хирако да әлеуметтік желіге суреттерін салып, өзінің керемет келбетімен көпшілікті таңқалдырған еді. 45 жастағы әйелдің инстаграмдағы аккаунтына 156 мың адам жазылған.

Оқи отырыңыз:

Киімнің бұл 3 түсі сыртқы келбетіңізді «қымбат» көрсетеді

Ағасы мен қарындасы әйгілі Дракула қорғанында табыттың ішінде түнеп шықты

Канадалық азамат бейтаныс қызға бауырын беріп артынша оған үйленді (фото)

Тікелей эфир барысында ер адам “абайсызда” әйелдің төсін ашып жіберді (видео)

Талқылау