Канадалық азамат бейтаныс қызға бауырын беріп артынша оған үйленді (фото)

Сейсенбі, 1 Қараша , 2016 13:38

Крис Демпси өзінің әйелі Хизер Крюгермен осыдан екі жылдай уақыт бұрын танысты. Екеуі алғаш жүздескен кезде бойжеткеннің бауыры ауыратын. Дәрігерлер оның өмір сүріп кетуіне 50% мүмкіндік бар екендігін айтқан. Егер екі айдың ішінде қыздың бауыры ауыстырылмаса Хизердің өліп кетуі мүмкін еді.

1384

Хизердің отбасы оның өмірін құтқару үшін барынша тырысып бақты. Ол үшін жан-жақтан донор іздестірді. Алайда бұл біз ойлағандай оңай шаруа емес. Себебі бауыр ауыстыруға ол кезде шамамен 119 мың адам кезекте тұрған, деп жазды The Sun.

Күндердің күнінде әріптесі Крисқа науқас туысы жайлы әңгімелеп береді.

«Егер менің басыма осындай жағдай түссе, біздің де отбасымызға біреудің көмектескенін қалар едім», – деді ол.

Крис қажетті анализдерді тапсырып, өзі өмірінде көрмеген Хизерге донор бола алатынын білді.

8103

Жұп алғаш рет 2015 жылдың ақпанында жүздесті. Одан кейін бірін-бірі ұнатып қалса керек-ті, бірнеше рет қыз бен жігіт ретінде кездесуге барды.

5121

Ота жасайтын уақыт келгенге дейін екеуі көп уақытты бірге өткізетін. Крис отаның сәтті өтетініне сенімді болғанын айтты.

6108

«Әрине, қобалжу болды. Өйткені кейбір нәрселер біз ойлағандай болмауы мүмкін еді. Бірақ ештеңеге қарамастан мен райымнан бас тартпайтын едім», – деп атап өтті ол.

4140

Ота жасалғаннан кейін арада 8 ай өткен соң Крис Хизерге тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасайды. Тағы да 10 айдан кейін жұп шаңырақ көтерді.

990

«Бұл Хизер мен оның ата-анасы үшін өте әсерлі сәт болды. Басынан өткерген қиыншылықтарын сезіну… Шыны керек, бауырымды беруге келісім берген кезде бұл қызға үйленемін деп ойламадым», – дейді қаһарман жігіт.

71052191

Жіберіп алмаңыз: 

Парижде бойжеткен Вегандар күніне орай көшеде жалаңаштанып жатты (видео)

Жігіттің қалтасындағы электронды темекі жарылып оны ауыр жарақаттады (видео)

Тәжік олигархының қызы тұрмысқа шығып, 600 мың доллардың той көйлегін киді (фото)

Адамзатты алмастыратын секс-роботтар 2017 жылы пайда болады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар