Желіде Ұлы Отан соғысы батырларын қорлаған сурет халықтың ашуын туғызды

Бүгінгінің жастары бейбітшілік заманда батыр ата-әжелеріміз сыйлаған ашық аспанның астында тұрып келеді. Алайда кейбірлеулері осы тыныш заман үшін қан мен терін төгіп, жан беріп шайқасқан ата-бабаларымызды қор қылуда. Желіде Ұлы Отан соғысы батырлары Талғат Бигелдинов пен Әлия Молдағұлованы қорлап, масқаралаған сурет пайда болды.

Бұл туралы zello.aktobe парақшасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ішімдікке сылқыя тойып алған мас адамдар және жартылай мастар Ұлы батырларымыз бейнеленген бетпердені ұстап, суретке түскен.

«Ал Гитлердің бейнесімен түскен сурет тіпті, сұмдық, масқара. Ұлы Жеңіс күні осындай адам шошырлық әрекет жасау нағыз мәдениетсіздік. Онымен қоймай бұған мақтанып, шоу жасаған. Ар-ұжданнан безген, ұятсыздар»,-деп шағымданды zello.aktobe.

Желіде Ұлы Отан соғысы батырларын қорлаған сурет халықтың ашуын туғызды

«Ұлы Отан соғысының батырлары қасиетті тұлғалар ғой. Осындай бассыздыққа қалай ғана барып отыр, ақылға қонбайды. Біздің батырларымыз бізге бейбіт аспан сыйлап, өздерінің өмірін құрбан етті. Ал бұл заманның ақылсыз және бұзылған ұрпақтары осыдан шоу жасайды. Қасиетті деген ештеңе қалмады. Ақтөбе әкімдігі бір шара қолдануы тиіс»,-дейді оқырмандар.

«Бұл жәй ғана сурет деп ойлайсыздар ма? Жоқ – бұл тәрбие мен интеллекттің төмен деңгейде екенін көрсетеді. Сондай-ақ, бұл қылмыстық жазаланатын әрекет!», -деген тағы басқалары.

«Суретке түскіш болса өздері-ақ түссін жалаңаштанып. Мас болып түсе ме, темекі шегіп түсе ме өздері білсін. Бірақ, біздің болашағымыз үшін жандарын қиған батырларымыз, Ұлы тұлғаларымыз бейнеленген бетперденің оған қатысы не. Өстіп түскілері келсе, қайтыс болып кеткен ата-әжелерінің суретінен бетперде жасап түссін. Өздерін батыр сезінгілері келген екен ғой. Барда қолдарына ішімдік ұстап Бигелдинов пен Молдағұлова болғылары келген. Бұдан асқан ақымақтықты көрмеппін»,-деп ашулануда оқырмандар.

Ал бұл жазбаны оқыған kinobar_aktobe тобы Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтарынан кешірім сұрады.

«Қайырлы күн, қымбатты Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары. Бүгін бізге көптеген хаттар мен жағымсыз пікірлер келді. Біз қонақтарымыз өздерін кемінде 0,01% батыр сезінсіз деп, Ұлы Отан Соғысы батырларының бейнесін басын шығарып, суретке түсетін бұрыш жасаған едік. Ешқашан біздің бейбітшілігіміз үшін қандарын төккен батырларымызды қорлағымыз келмеді. Бұл ешқандайда пиар немесе хайп емес. Кештің «Гитлер Капут» деп аталуы барлығына түсінікті деп ойлаймын. Бірақ, біздің арам ойлы адамдарымыз бен бәсекелестеріміз бәрін басқаша көріп, елді дүрліктірді. Ал Гитлердің жанындағы сурет оның шын мәнінде қайда тұруы керек екенін көрсеткен жәй ғана кеңес болды! Осы жағдайдың барлығы түсінбеушілікке әкеп соқтырмай тұрғанда @uyatbar командасы қорлық немесе Ұлы Отан соғысы батырларын масқаралады деп түсінген адамдардан кешірім сұрайды. Қақтығыс аяқталды деп үміттенеміз !!! Барлығыңызды Жеңіс күнімен құттықтаймыз!»,-деп түсіндірді Ақтөбедегі  Кино бардың әкімшілігі.

Тағы оқыңыз:

Назарбаевқа жағымпазданған алматылық билік көпқабатты үйлердің жартысын ғана сылап, масқара болды

Ұлттық теңгенің алғашқы дизайнын жасаған атақты сәулетші дүниеден озды

Ғаламторда қан мен тердің арқасында келген соғыс ардагерлерінің төсбелгілерін тиын-тебенге сатуда

Танымал актер Рахман Омар ұлды болды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар