Желіде қызын аяусыз ұрып-соғатын әйелдің тағы бір видеосы пайда болды
Күні кеше әйелдің кішкентай қызын ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео пайда болған. Видео кең тарап полицейлер әйелді анықтаған еді. Енді анасының қызын ұрған тағы бір жантүршігерлік видеосы пайда болды.

Желіде жарияланған бұл видеодан қызымен бірге тағы бір жасөспірім қызды көруге болады. Ол бүлдіршінді қорғаштамақ болғанымен, әйел адам ұруын тоқтатар емес. “Әжеңнің мектепке баруына кім рұқсат берді?” деп ол қызды төмпештей жөнеледі. Желі қолданушылары оның осылайша видео түсіріп, оны бұрынғы күйеуіне жіберетінін, өзінің ата-ана құқығынан айырылғанын айтуда. Бұл оқиға Павлодарда болған.
Бұған дейін ғаламторда анасының кішкентай қызын аяусыз ұрып жатқан жантүршігерлік видео пайда болды. Кейін туған анасынан зардап шеккен үш жасар қыз балалар үйіне жеткізілгенін хабарланды.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін