Желіде Қазақстанның туын мазақ еткен сурет пайда болды
Әлеуметтік желіде Қазақстанның туын мазақ етіп, қорлаған сурет пайда болды.
Суретте көрінгендей мемлекеттік ту әлдебір ғимараттың алдында ілініп тұр. Ал оның үстіне “Продукты из Казахстана” деп жазылған. Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын тудырған. Фото Инстаграмдағы zhest_kz парақшасында жарияланған.
“Масқара мынау қазақ елін қорлау ғой. Кім болсада намысы жоқ адам екен. Әкімшілік айыппұл салу керек” деп жазады желі қолданушыларының бірі.
Тағы бір қолданушы: “Қазақстан Республикасы мемлекеттік туын заңсыз пайдалану, ҚР мемлекеттік елтаңбасын және ондағы суреттерді заңсыз пайдалану, ҚР мемлекеттік әнұранын заң бұзушылықпен пайдаланғаны үшін – 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады” деп жазып кеткен.
Оқи отырыңыз:
«Монғолияның Лашыны» атанған қазақ балуаны кім?
Оғыз Доған атышулы оқиғадан кейін “Эйр Астананың” қалай өзгергенін айтып берді
Қазақстандық жастар тойға деп жинаған ақшаларын қайырымдылыққа берді (видео)
Қайын жұрты күштеп алып қашқан қыздың өзіне ұрысып, жекіп тастады (видео)

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
