Желіде Илья Ильинді қолдап жазылған ән танымалдылық жинауда (видео)
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильинге ерекше қолдау білдіруде.

Сурет yk-news.kz
Әзіл мен юморға құрылған бейнеролик 100lichnosti инстаграм аккаунтында жарияланған.
“Бұл екі дүркін олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы қазақстандық Илья Ильинді қолдауға арналады. Чемпион, бүкіл ел сен үшін жанкүйер болады!” – деп жазылған онда.
Еске сала кетсек, бірер күн бұрын Илья Ильин мен Зулфия Чиншанлоға қатысты допинг дауы шет ел БАҚ-тарында көрініс тауып, бұл жанкүйерлердің ашу-ызасын тудырған еді.
Ал Зулфия Чиншанло 4 маусым күні ауыр атлетикадан ел чемпионы атанды.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек