Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Головкин мен Альварестің реванш алдында жұдырықтасқан видеосы пайда болды

Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес қыркүйектегі жекпе-жекке дейін бірлесіп медиа іс-шара өткізуден бас тартса да, бетпе-бет кездесті.

Желіде Головкин мен Альварестің реванш алдында жұдырықтасқан видеосы пайда болды.

Бұл туралы TMZ Sports басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Олар шілде айының ортасында, алдағы жекпе-жекпе жарнама-ролик түсіру үшін кездесуге мәжбүр болды.

«Кездесу айтарлықтай қобалжытарлық жағдайда өтті. Боксшылар бір бөлмеде тұрып, бір-біріне қойылымдық соққы жасауға мәжбүр болды. Олар түсірім барысында бір-біріне деген «шынайы өшпенділікті» көрсетті», – деп жазды басылым.

Айта кетейік, бұған дейін Головкин мен Альварестің түсірілім кезінде төбелесе жаздағанын және«Канелоның» GGG-мен жекпе-жек алдындағы дайындығының құпиясын ашқаны жайлы хабарлағаны болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин-“Канело” қарымта кездесуі осы жылдың 15 қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау