Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде адам өміріне қауіпті флешмоб тарап кетті

Желіде «Tide Pod Challenge» атауымен қауіпті флешмоб тарап кетті. Яғни жасөспірімдер кір жуатын ұнтақ капсулаларын жеп, ол сәт түсірілген фидеоны желіде жариялайды. Дәрігерлер мұндай әрекеттің денсаулыққа қауіпті екенін, тіпті өлімге алып келуі мүмкін екенін айтып дабыл қағуда, деп хабарлайды Fox News басылымына сілтеп Stan.kz.

Басылым хабарлағандай, тинейджерлер Tide және басқа да кір жуатын ұнтақ капсуласын жеп, мұнан кейін өзге достарына кезек береді. Тіпті кейбір желі қолдаушылары капсулаларды тұтынар алдында арнайы әзірлеп, ыдысқа салып, безендіріп қойған.

Ал дәрігерлер кір жуатын ұнтақтың құрамында этанол, полимерлер мен сутек тотығы бар екенін айтуда. Яғни бұл заттар адам организмі үшін өте улы саналады.

Басылымда жазылғандай, флешмоб The Onion газетінде 2015 жылы жазылған мақаладан бастау алған болуы мүмкін. Ал 2017 жылы College Humor журналы кір жуатын ұнтақ капсулаларын жеген адамның әзіл аралас видеосын жариялаған еді.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте өткен тойдағы құны 59 миллион теңге тұратын торт қазақстандықтарды таңдандырды (фото, видео)

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты

Ақтөбеде полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін аралауға кірісті

Назарбаев пен Трамптың келіссөзінде қандай мәселелер талқылануы мүмкін екені белгілі болды

Талқылау