Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары Жазылбекованың “ұятсыз” биін сынап тастады (видео)

Аружан Жазылбекова қымбат киімдер топтамасына жарнама жасаймын деп сын астында қалды.

13687010_1045309428871517_740163323_n

Фото: instagram.com/arujazz/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Актриса әрі сәнбике Аружан Жазылбекова биімен жұртты шошытты. Көпшілік тарихи фильмдерде аяулы ана, асыл жар рөлін сомдаған бойжеткеннен мұндайды күтпегендіктерін айтуда. Мұнымен қатар, Жазылбекованың көпшіліктің сөзіне назар аудармайтынын жақсы қасиет деп бағалағандар да табылды.

Жуырда актриса Sentyabr.me атты қымбат киімдер жарнамасына түскен-ді. Түсірілім барысында бойжеткен ерсілеу қылықтар жасап, Рианнаның әніне билейді. Артынша қозғалмалы суреттерді Instagram желісіне жүктейді.

Бұл қозғалмалы суреттерді көрген желі қолданушылары әртүрлі мазмұндағы пікір білдірді. Бірі “Не деген көргенсіздік! Мұны желіге жүктеудің не қажеті бар?!”, “Шынымды айтсам күтпедім. Ары қарай не болады екен?!”, “Қазақ қызына тән емес.

Что поделаешь, когда Rihanna звучит 💋@shynarsapar

Видео опубликовано Аружан Джазильбекова (@arujazz)

Сен халықтың алдына шығып жүрген қызсың. Абыройыңнан айырылмауың керек. Көрдіңіздер ғой қаншама адам бұл биді сөгіп жатыр. Еуропаға еліктей беретін болсақ, қазақшылығымыз жоғалады” дейді.

Ал екіншілері керісінше тамсана қарағандарын айтуда. “Мұнда тұрған не бар?! Аздап толған сияқты”, “Шаруларың қанша, ол жалаңаштанып жатқан жоқ қой”, “Қызық”, “Меніңше, бұл биде тұрған ешнәрсе жоқ.

Көпшіліктеріңіз оны жерден алып, жерге салдыңыздар. Мұның қажеті жоқ еді. Аружан, сізге қалай ұнаса, солай өмір сүріңіз. Ал ел-жұрттың аузына қақпақ болып көрген әлі ешкім жоқ. Он адам бар жерде он түрлі мін болады. Қолдаймын” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Сәнбике Аружан Жазылбекова подиумде бірнеше рет құлай жаздаған

Аружан Жазылбекова Мәскеуге чемодан толы шай алып барған

Актриса Аружан Жазылбекованың жүйкесі неге жұқарды

Қазақстандық актрисалар қымбат киім жарнамасына түсті (фото)

Талқылау