Желі қолданушылары Бурабайдағы тым қымбат бағаға жаппай наразылық танытты
Әлеуметтік желі қолданушылары Ақмола облысында орналасқан Бурабай сауықтыру кешеніндегі бағаларға наразылық танытуда.

Фейсбуктегі парақшасында Бурабайдағы жағажайда демалу құны жарияланған суреттер пайда болды. Онда жағажайға кіру үшін ересек адам 1000, бала 500 теңге төлеу керектігі жазылған.

“Бурабай қазір қоршаулардың астанасына айналған. Еш жерге кіре алмайсың, бәрін қоршап тастаған. 2005-2007 жылдары ондай болмаған. Ол жерде даму кері кетіп, бизнес жабайыланып бара жатыр”, – деп жазады желі қолданушысы.

Астана қаласында да қалалық жағажайға кіру құны 500 теңге ретінде белгіленген.
Еске салсақ, бұған дейін президент Назарбаев Бурабайдағы сервис құнының тым қымбаттығын сынға алған болатын.
Қазақстанның 5 көрікті жері ресейлік National Geographic журналына енді
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты