Желі қолданушылары әлемдегі ең бай адамның “итімен” түскен суретін көріп, оған “қауіп төніп тұрғанын” ескертті

Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос желідегі парақшасында робот-итімен бірге серуендеп жүрген суретін жариялады. Алайда бұл суретті көрген желі қолданушылары оған «қауіп төніп тұрғанын» ескертті.

Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос Twitter желісіндегі парақшасында робот-итімен серуендеп жүрген суретін жариялады.

«MARS2018» конференциясында жаңа итіммен серуендеп жүрмін», – деп жазды Безос.

Байқалғандай, Безос SpotMini робот-итін сатып алған сияқты.

Ал желі қолданушылары Amazon компаниясының басшысына жаңа итінен қауіптенуі керек екенін айтты. Себебі ит «Қара айна» телехикаясындағы механикалық роботқа ұқсайтын көрінеді. Телехикаяның 4-маусымында бас кейіпкер робот-иттен құтылуға тырысқан еді.

 

Сонымен қатар, желі қолданушылары миллиардерге жаңа итімен серуендеу қызығырақ болу үшін, робот-құс сатып алуға кеңес берді.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та ер адам қолының саусағын кесіп алып, орнына аяғының башпайын ауыстырып салған

Ресейлік әнші Витас Барвихтегі үйінің маңында тапаншадан оқ атып, елді шулатты

Қырғызстанда ер адам базарда ес-түссіз жатқан қызды зорлап тастады

Қазақстан тумасы гранатаны денесімен жауып қалып, ерлікпен қаза тапты

Загрузка...
Қазір оқып жатыр