Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары ақшаларын қайтармаған жігітті терактіге кінәлі деп хабарлап кек алған

Белгісіз ер адамның суреті бірнеше рет жаңалықтарда әр түрті апаттар мен терактілерге қатысты жарияланып, оның қайтыс болғаны хабарланған. Желі қолданушылары қарызын қайтармаған жігіттен осылайша кек алмақ болған.

Безымянный

Сурет: tjournal.ru

Белгісіз жігіт бірде ұшақ апатынан көз жұмды делінсе, бірде Орландодағы гей-клубта құрбан болғаны, енді бірде Ыстамбұл әуежайындағы жарылыста қаза болды деп хабарланған.

Кейін France24 басылымы анықтағандай Твиттер желісінің қолданушылары, жігітті өз туысы не танысы ретінде таныстырып, оның қайтыс болғаны жайлы хабар берген.

Тіпті, оны Мексикадағы атыс кезінде кінәлі етіп көрсетіп, оқ атуға бұйрық берген адам ретінде хабарлаған. Енді олардың барлығы суреттегі жігіттің мың долларға дейін ақша алып қайтармай кеткендіктен осылай жасағандарын айтқан.

Жіберіп алмаңыз:

14 жастағы қарағандылық қыз алаяқ-альфонстың құрбаны болды

Ақтөбедегі терактіні ұйымдастырып, соңғы сәтте жасаудан бас тартқан жігіт қамауға алынды

Талқылау