Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жел шығарып қойғаннан кейін жақын болып кеттік: Мистерионс тобының әншісі жұбайымен қалай танысқанын айтты

«Мистерионс» тобының әншісі Дильен өзінің инста-парақшасында әйелімен қалай танысқаны туралы айтып берді. Ең қызығы ол әйелімен желі арқылы танысқан екен, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жел шығарып қойғаннан кейін жақын болып кеттік: Мистерионс тобының әншісі жұбайымен қалай танысқанын айтты

«Мен әйеліммен қалай таныстым? Интернет желісі арқылы танысу мені екі ойлы қылды. Бір жағынан дұрыс қарым-қатынастар тек жүзбе-жүз сөйлесу арқылы туындайтынын білдім. Екіншіден, Интернет уақытыңды үнемдеп, іздеу барысын кеңейтеді. Барлықтарыңыз біліп отырғандай мен әйеліммен желіде таныстым», – деп бастаған әнші.

Әйелі туралы ашық жазған Дильен үйленуге дейін жұбайымен тек үш рет кездескенін де жасырмады.

«Біз үйлену тойына дейін бір-бірімізді үш-ақ рет көрдік. Видеоқоңырауларды санамағанда. Әдейі бұлай істеген жоқпыз. Әрине, артынша бір-бірімізде ақырындап біле бастадық. Қызықтың бәрі осыда. Ол менен бес жас кішкентай, сол үшін мені бастапқыдан бері «Сіз» деді. Отбасында болатын ұрыстарды ескере отырып, мұндай қарым-қатынас маған ыңғайлы болды. Ал «сіз» деген кезде жеке басыма ешкім тіл тигізбейді», – деп әйелінің өзін қатты сыйлайтынын айтты.

Осылайша үйленгеннен кейін жұбайының алдында өзін еркін сезіне алмағанын мәлімдеген әнші тіпті жел шығара алмай қиналғанын айтты.

«Мен әйелімнің алдында бір жыл бойы жел шығара алмай жүрдім. Өзімді еркін сезіне алмадым. Солай бір күні оның алдында жел шығарып қойдым, бөлмеде шыққан жаман иісті ол сезген кезде қатты күлдік. Бұл әрекетім арамызды жақындата түсті. Қазір ол маған көп жел шығаратынымды және таза ауаны бағалайтынын айтады», – деп оқырмандарын күлдірді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау