Жекпе-жекке дайындалып жатқан «Канело» Головкинді балағаттап жіберді (видео)
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы қарымта-кездесу уақыты жақындаған сайын боксшылардың дайындығы қыза түсті. Тіпті, былғары қолған шеберлерінің қарым-қатынасы да шиеленісе түскен тәрізді, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұған дейін Геннадий Головкин «Канелоның» алғашқы жекпе-жек алдында допинг қолданғанын айтып, айыптады. Өз кезегінде мексикалық боксшы да қарап қалмай, Instagram желісіндегі «Инста-стори» бөлімінде жаттығу сәтінің видеосын жариялады.
«Мен саған көресінді көрсетемін. Кішкентай с***а», – дейді «Канело» видеода.
Мұнан кейін ролик Альварестің промоутерінің парақшасында жарияланды.
Айта кетсек, Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуі 5 мамырда Лас-Вегасте өтеді.
Оқи отырыңыз:
Промоутерлік компанияның президенті Головкинге сес көрсетті
Головкин «Канелоны» алғашқы жекпе-жек алдында допинг пайдаланды деп айыптады
Бибісара Асаубаеваға тіл тигізген ресейлік бапкер жазаға тартылды
Головкин “Канеломен” қарымта кездесу өтпей қалған жағдайда не істейтінін айтты

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
