Промоутерлік компанияның президенті Головкинге сес көрсетті

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық Сауль “Канело” Альвареске бірінші жекпе-жек алдында допинг қолданды, деп айып таққаны үшін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсы шара қолданатынын айтып, сес көрсетті.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Наурыздың басында Альварестің өз отанында екі рет тест тапсырып, кленбутеролдың табылғаны анықталды. Мексикалықтың командасы оның себебі зарарлы ет жегеннен деп түсіндірді. Одан кейінгі үш допинг-тесттен “Канело” өткен болатын.

Бұған дейін Головкин маңызды мәлімдеме жасады, оның айтуынша, бірінші жекпе-жектің алдында Альварестің бұлшықеттерінде иненің іздері болған. Сонымен қатар, ол Альварес пен Оскар Де Ла Хойяны өтірікшілер деп атады. “Ол анық көрініп тұрды, оның бұлшықеттерінде иненің іздері болды. Оның суреттерін алып, дәрігерден сұраңыздар”, – деді GGG. Головкиннің бұл айтқандарын Los Angeles Times басылымының тілшісі Лэнс Пагмайер келтірген, ол боксшының жаттығу лагерінде болыпты.

Еске сала кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин – Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Оқи отырыңыз:

Головкин «Канелоны» алғашқы жекпе-жек алдында допинг пайдаланды деп айыптады

Бибісара Асаубаеваға тіл тигізген ресейлік бапкер жазаға тартылды

Головкин “Канеломен” қарымта кездесу өтпей қалған жағдайда не істейтінін айтты

Димаш Ниязов пен Данияр Елеусінов бір кеште жұдырықтасатын болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар