Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Жеке келіспеушіліктер үшін: ІІМ БҚО-дағы взвод командирінің өліміне қатысты пікір білдірді
ҚР Ішкі істер министрлігі БҚО-да аудандық ішкі істер басқармасының ауласында оқ жарақатынан көз жұмған взвод командирінің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Алмас Садубаева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Күдікті жауап беріп, өз кінәсін мойындады. Алдын ала мәлімет бойынша, аталған қылмысқа қылмыс жеке келіспеушіліктер себеп болған. Іс ІІМ бақылауына алынды», – дейді ведомствоның ресми өкілі.
Алмас Садубаевтың мәлімдеуінше, Өзіндік қауіпсіздік департаменті және ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия БҚО Ақжайық ауданындағы Мамандандырылған арнайы күзет басқармасының батальон командирінің өлімі фактісі бойынша жұмыс жасап жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, кеше, 6 қыркүйекте, БҚО-да полиция қызметкері өз басшысын ішкі істер басқармасының ауласында атып өлтірген еді.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"