Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
БҚО-да полиция қызметкері өз басшысын ішкі істер басқармасының ауласында атып өлтірді (видео)
Бүгін, 6 қыркүйекте, кешкі сағат 17:00 шамасында Ақжайық ауданындағы АІІБ ауласында полиция қызметкері взвод командирін атып өлтірді.

Сурет: Уральская неделья
Бұл туралы «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Ақжайық ауданының басшысы Әділ Жоламановтың сөзінше, күдікті тұтқындалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
Қанды оқиғадан кейін полиция ғимараты қоршауға алынды. Марқұмның денесін АІІБ ауласынан әлі әкетпеген. Оқиға орнында криминалист-сарапшылар жұмыс істеп жатыр.
Белгілісі, марқұм Рүстем Рақышев ішкі күзеттің арнайы взвод командирі болған.
«Мой ГОРОД» порталының мәліметінше, БҚО ішкі істер басқармасы оқ атқан 24 жастағы сержант екенін мәлімдеді. Ол табельдік қарудан бірнеше рет оқ атқан.
«Адам өлтіру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”