Жазира Жаппарқұл орысша сұхбат беруден бас тартты (видео)
Қазақстандық ауыр атлет Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасында күміс медаль алған соң сұхбат беру барысында орысша сұрақтарға жауап беруден бас тартты.
Қазақ тілінде сұхбат берген Жазира журналистің “орысша бір-екі ауыз айтып жіберіңіз” деген өтінішіне «орысша айтпаймын» деп жауап қатып, кері кетіп қалды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан тұңғыш Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ауыр атлетикадан қоссайыстың қорытындысы бойынша 259 келіні бағындырды.
Жіберіп алмаңыз:
Жазираның жеңісіне бапкерінің көңілі толмады
Талқылау