Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанболат пен Жазираның баласы ата-анасы таңдап берген қызға үйленуге дайын

Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбек отбасылық кәсіпті басқарып отыр. 21 жасында өнердегі жұптың директоры атанған ол, жар таңдау мәселесіне келгенде анасымен кеңеседі екен. Бұл туралы Байырбекова Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Жақында Айгүл Иманбаева болашақ келініне қатысты салт-дәстүрдің барлығын “шымкентше” жасайтынын мәлімдеген. Тіпті, баласына жар таңдау мәселесіне келгенде де өзі араласатынын айтқан еді. Ал оның өмірдегі әріптесі, танымал әнші Жазира Байырбекова осы мәселеге келгенде ұлына ерік беруді жөн көреді екен.

“Келінді таңдауға келгенде баламның өзіне ерік беремін. Ұлым мені қарындасы сияқты көреді.” Мына қызды қараңызшы, қалай болады екен” деп ақыл сұрайды. Сонда мен “асықпа, шатасып, қалма, ең бастысы оны жүрегіңмен сүюің керек” деп айтамын. Ал келін тәрбиесіне келгенде енеме сенемін. Қасында боламын. Бірақ тәрбиелеймін деп айта алмаймын”, — дейді әнші.

Жанболат пен Жазираның атұстары Қазбек бүгінгі күні жеке бизнеске қатысты сұрақтардың барлығынан өзідігінен шешуге тырысады. Болашақта ол ата-анасы таңдап берген қызға үйленуге дайын.

“Статистика бойынша, әке-шеше тауып берген қызға үйленіп, бір-бірімен қосылған жандар ажырасу деген өте аз болады”, – дейді ол.

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

 

Талқылау