Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекованың болашақ келіні әншіден өзін ұзатып беруін сұраған

Жанболат пен Жазираның келін түсіретін күні алыс емес. Жұлдызды жұптың жалғыз ұлдары Қазбек жақын арада шаңыраққа келін алып келмек. Бір жағынан жас жігіт сүйгенін тапса, екінші жағынан ерте жастан үйлену керектігін Қазбек жігітке анасы Жазираның өзі айтқан.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Ұлымның ерте үйленетін ойы бар. Өйткені мен солай құлағына құйғанмын. Егер өзінің адамы кездесіп жатса, ертерек отбасын құрғаны жақсы деп”, – дейді Байырбекова.

Өзінің адамын Жанболат пен Жазираның ұлы кездестіріп қойған сыңайлы. Естеріңізде болса, бір кездері Жазира ханым болашақ келінінен алған сыйды көрсетіп, мақтанған болатын. Енді әнші ол қыздың арманын қалай орындарын білмейді. Себебі:

“Қазбектің досы бар, қазірше дос болып жүр ғой. Сол маған: “Папам сенің ұзату тойыңа Жазираны шақырамыз, деп айтатын. Ал мен папама: “Ол кісі онсыз да келеді ғой”, – деп отырдым”, – дейді. Енді қызық нәрсе екен. Басқа өзімнің құрбымды шақырып беретін шығармын ол кезде. Мадинаны ма, Қарақатты ма, Әйкерім Қалаубаеваны ма… Қазір біздің қыздардың барлығында ұзатылатын ән бар ғой. Ұят шығар”, – деп түсіндірді Байырбекова.

Әнші бейтаныс қыздарды ұзатқан кезде жылап жіберетінін айтып:

“Ол кезде тіпті толқитын шығармын, балам отау құрып жатыр деп”, – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Абай Бегей: Қызымды шығарып салған сәтте анасының жоқтығы қатты сезілді

Қайрат Нұртастың әкесі тұңғыш немересін көрсетті

Марқұм жарына деген сағынышын әнмен жеткізген Мақпал Жүнісова елді жылатты (видео)

Бүркіт жары Аишаның үшінші перзентіне жүкті екенін айтып, елден сүйінші сұрады

Талқылау