Жанболат пен Жазираға 500 мың теңгеге ішімдік жарнамалауды ұсынған

Отандық эстрададағы танымал жұп Жанболат пен Жазираның желідегі парақшасында 2 миллионнан астам оқырманы бар. Жұлдызды ерлі-зайыптылар бүгінде желідегі жарнаманың арқасында табыс тауып отырғандарын жасырмайды. Алайда жеңіл жолмен келген ақша қалтамызға түспейді, дейді жұлдызды жұп.

Жанболат пен Жазираға 500 мың теңгеге ішімдік жарнамалауды ұсынған

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Таңғы хабар” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Жарнама жасағанда да, халыққа пайдасы бар ма, өтірік па, шын ба, соған назар аударамыз. Өйткені біз жасаған жарнамадан халық жапа шекпеу керек.

Бірде сіздерге ұсыныс бар, жарнама жасаңыздаршы, ақшасын төлейміз, видео салыңыз деп хабарласқан. 500 мың теңге ұсынған. Көмекшіміз не екенін де сұрамай, келісе салған. Сөйтсек, кішкене ұрттауларыңыз керек дейді. Коньякты жарнамала деп отыр екен. Ойбай, ондай нәрсе болмайды деп бас тарттық. Сөйтіп таңдап жарнама жасаймыз. Ақшасына келісеміз, бірақ ол ақша біздің қалтамызға түспейді”, – дейді Жазира Байырбекова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар