Жазира Байырбекова: Димаштың шетелде Қазақстанның атын шығарып жүре бергенін қалаймын

Сенбі, 20 Мамыр , 2017 8:49

Бүгінде Димаш Құдайберген сұранысқа ие ең жас әлемдік жұлдыздардың біріне айналуда. Осыдан бір ғасыр бұрын таңғажайып дауысымен Париж жұртшылығын баурап алған Әміре Қашаубаевтың ізін кейін опера әншісі Майра Мұхамедқызы жалғастырса, енді міне, Димаш Құдайберген.

Dimashi_140217

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Франция астанасында өткен қайырымдылық шарасына  қатысқан ол өз елінің абыройын тағы бір мәрте асқақтатты. Димаштың қайталанбас жетістігіне шоу-бизнес өкілдері дән риза. «Өз басым Қазақстанда жүріп ән айтпай, шетелде жүріп Қазақстанның атын шығарып жүре берсе екен деген тілегім бар», – дейді Жазира Байырбекова.

Франция төрінде анау-мынау емес, голливудтың ең танымал және ең тартымды актрисасы Ева Лонгориямен би билеу де Димашқа арман емес. Жыл сайын әлемнің әр түкпірінде ұйымдастырылатын қайырымдылық шарасы биыл Парижде өткен. Ауқымды жоба бизнесмендер мен танымал адамдардың басын қосады. Бұл шараға Димашты жобаға жетекшілік ететін Еваның өзі арнайы шақырыпты. Кеште Димаш «Allbymyself» әнін орындап жиналған қонақтардың аузын аштырып, көзін жұмдырды.

«Қазақстан атынан алғашқы деп ойлаймын. Әлемдік сахнада жүрген. Сондықтан, бұндай нәрсе бізге керек еді. Біздің халық әнін таныту керек болды», – дейді «Жігіттер» тобының әншісі Айдар Байжанбаев.

Сосын Канн фестивалінде Димаш қызыл кілеммен жүріп өтті. Жақында әншінің туған күні. 24 мамырда небәрі 23 жасқа толатын Димаштың кешіне қытайлық фанаттары қазірден бастап дайындықтарын бастап кетіпті. Қытайдың 15 қаласында бірдей үлкен ЛЕД экран арқылы құттықтау сөздер бір мезетте жазылатын көрінеді. Тіпті, әншінің қазір тұрып жатқан Бейжің қаласында арнайы шоу ұйымдастырылмақ. Олар Алматыны да ұмытпапты.

Әлем таныған Димаштың ендігі жоспары «ЕХРО-2017» көрмесі аясында ұйымдастырылатын “Бастау” атты жеке концертін абыроймен өткізу. Танымал әншінің кеші тосын-сыйға толы болғалы тұр.


Жіберіп алмаңыз:

Қарақат пен Қыдырәлі сәбилерінің есімін қырқынан шыққанша айтпайтын болды

Артур Төлепов сүйіктісіне сақина салып, ұсыныс жасады (фото)

Парижде ән салған Димаш әлем жұлдыздарын таңдай қақтырды (видео)

Қыдырәлі Болманов: Жұмысымның көптігі соншалық, туған күнім екенін ұмыттым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар