Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жайнамазға теріс тұрып, намазды мазақ еткендер жұрттың ашуын келтірді (видео)

Ғаламтор желісінде намазды керісінше оқып, әзілдемек болғандардың видеосы кең тарап кетті.

Kevin

 

Видеодан байқағанымыздай, оранған екі қыз жайнамазда ниет етіп тұрады. Осы кезде оның бірі рукуғ жасап еңкейеді де, сәждеге кері бағытта барады. Оның бұл әрекетінен бастапқыда алдыға емес, шалқалап еңкейгенін, жайнамазда теріс тұрғаны байқалады. Мұны көрген екінші қыз шошып, намазын тастай қашады. Әзілдемек болған адамның шын мәнінде қыз әлде жігіт екені белгісіз. Жігіттің қыз болып киінген болуы да мүмкін.

Ислам діні бойынша, әзілдеу былай тұрсын, намазда артық қимылдар жасауға тыйым салынады. Намаз оқу үстінде орынсыз күлуге, есінеуге, денесін қасуға, тіпті, намаздан басқаға ұйымай өзге дүниелер жайлы ойлауға болмайтыны айтылған.

Ғаламтор желісінде соңғы кездері осыған ұқсас өптеген видеолар шығып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Киімін теріс қаратып киіп намазды кері оқып мазақ қылғандар жұрттың ызасын келтірді (видео)

Мешіттегі оқиға: Бастан-аяқ қара киінген қыздар қазақ әжейдің оқыған намазын мазақ қылған

Қарағандыда биіктіктегі кранның үстінде намаз оқыған азамат елді қайран қалдырды (видео)

Талқылау