Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөспірімдер Семей көшелеріндегі ер адамның ыңғайсыз әрекетіне шағым білдірді

Семейдегі адамдар көп жүретін орындарда тұрғындар онанисті көп кезіктірген. Оны суретке түсіріп алған адамдар, әлеуметтік желілерге де жариялап жіберіпті.

d5fa86069a497547d973c8cffab27587

Сурет vk.com

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Өз-өзін қолмен қанағаттандырып тұрған ер адамды жасөспірімдер кешкі уақытта тұрмыстық техникалар сататын супермаркет жанынан көріп қалған.

“Скейт теуіп жүрген кезімде ауын жауып бір ер адам өтіп бара жатқан. Ал скейтімді алып, бұрыла бергенімде, әлгі кісі шетке бұрылып онанизммен айналыса бастады. Ол бізді көрген кезде, қаша бастады, бірақ жолдың жанынан барып, өз ісін жалғастыра берді”, – дейді суреттің авторы.

Суреттің астына пікір қалдырған қолданушылар, бұл кісіні бірнеше рет көргендерін айтыпты.

“Аялдамада тұрған кезімде бұл адам келіп, хабарландыру оқыған болып маған тиіспекші болды. Ізімнен қалмай жүре бастады. Бірақ, автобусым келді де мен кетіп қалдым”, – деп жазады бір қыз.

Алайда бұзық ер адам тәртіп сақшыларының да қолына түсіпті. Бұған дейін 49 жастағы ер адам көпқабатты үйлердің ауласынан да ұсталған екен. Оның әрекетіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық негізінде хаттама толтырылды.

Талқылау