Жас жігіттермен билеген Баян Есентаеваны жұрт танымай қалды (видео)
Желідегі оқырмандарымен айқасуды доғарған Баян Мақсатқызы шығармашылыққа білек сыбана кірісті. Атышулы продюсер қазіргі уақытта мюзикл-кино түсіруде. Аталған кинокартинада басты рөлді Баянның өзі сомдайды. Күні кеше Баян Мақсатқызы түсірілім алаңынан видео жариялап, жұртты бір шулатып алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жасы 40-тан асқан Баян жас жігіттермен билеген сәтін жүктеді. Көпшілік жас қыздарша секіріп, би билеп жүрген продюсерді танымай қалды. Желідегілер оны қызы Айсәуле Бақытбекпен шатастырып алғандарын жеткізді.
“Қалай жеңіл қозғаласыз”, “Бірден танымадым, қызыңыз екен деп қалдым”, “Жас қыз сияқты”, “Еліктеуге тұратын жан”, “Өте сұлу”, “Бұл Баянның қызы емес пе? Әлде мен қателесіп тұрмын ба?” – деп тамсанды желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Жүрек айнытатын шоу: Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын сынап тастады
Нұржан Керменбаев “Қара бала” атауын брендке айналдырмақ (фото)
КешYou тобының ұлттық нақыштағы бейнебаяны сынға ұшырады (видео)
Мінсіз отбасы: Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі мен ата-енесін мақтап әлек (фото)
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды