Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КешYou тобының ұлттық нақыштағы бейнебаяны сынға ұшырады (видео)

Бір оқпен екі қоянды өлтіремін! Атышулы продюсер бұл жолы да бұрынғы әдетінен жаңылған жоқ. Баян Мақсатқызы “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” кинокартинасын таспалап, аталған фильмнің саундтрегін КешYou тобының еншісіне қалдырды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Гелзбенд “Махаббат баяны” атты бейнебаянын ұсынды. Ұлттық нақыштағы киім мен қазақтың сайын даласын көрсетуге тырысқан режиссердің шеберлігін желідегілер оңды бағалады. Алайда тыңдармандардың басым бөлігі ән мәтініне шүйлікті.

“Қай жерінде кім айтып тұр, түсініксіз”, “Өлеңнің сөздері ұйқаспайды ғой”, “Түсініксіз ән мәтіні, клип әдемі сөз жоқ, бірақ ән онша емес. 1 рет тыңдауға болатын ән екен”, – дейді тыңдармандар.

Айта кетейік, әдеттегідей Мақсатқызының фильмінде әншілер де бой көрсетті. Атап айтатын болсақ, жаңа туындыда Қозының рөлін “Алау” тобының әншісі Ержан Мұқатаев, ал Баян Сұлуды жас актриса Гүлзада Тұрлаш сомдады.

Жіберіп алмаңыз:

Біз де адамбыз: Өнер иелері желіде ойына келгенді жазатындарға жауап берді

Нұржан Керменбаев “Қара бала” атауын брендке айналдырмақ (фото)

Мінсіз отбасы: Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі мен ата-енесін мақтап әлек (фото)

Меруерт Түсіпбаева: Күйеуге шығатын жігітті жасанды пәктікпен алдай салған дұрыс

Талқылау