Жас жігіт садақа жәшігінен ақша ұрлап, Аллаға хат қалдырып кеткен

Сәрсенбі, 28 Маусым , 2017 13:23

Пәкістанда жас жігіт мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлап кетті.

xlarge

Ұры жәшіктен 50 000 рупий (шамамен 157 мың теңге) алған.

Жігіт бұл іске ұрлық деп қарамауын, істі ушықтырмауын сұрап хат жазған. Хатында мұның «Алла мен оның арасындағы іс» екенін айтқан.

“Мені іздемей-ақ қоюларыңызды өтінем. Бұл ақшаға мұқтажбын. Сондықтан біреуді тонамай, Алла үйінен алдым. Бұл мені мен Оның (Алла) арамыздағы іс”, – деп жазылған хатта.

Жергілікті тұрғындар ұрының бұл хатына түсіністікпен қарап, имамнан оны кешіре салуын сұрауда.

Тағы да оқыңыз:

Бекболат Тілеухан депутаттарға қазақтың көне есебін шешуді ұсынды

Алматыда бейтаныс адам банк кассирін тапаншамен қорқытып 65 млн теңгені алып кетті

Ақтөбе облысының бас дәрігері өзі өлген соң ағзасын алуға рұқсат берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар