Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас ақын Сара Назарбаеваға өлең арнады

Жас ақын Балтабек Нұрғалиев Сара Назарбаеваға арнап өлең жазды.

Айта кетейік, Сара Алпысқызы 12 ақпан күні 77 жасқа толды. Ақын өлеңін әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жариялаған.

Керемет пайымыңыз – дара пайым,
Керемет пайымыңыз – дана пайым.
Туған күн құтты болсын деймін Сізге,
Анасы бар қазақтың – Сара Апайым!

Ұғынып Әлжан Әже өсиетін,
Ұғынып Әбіш Баба өсиетін.
Келін боп, көргенділік көрсеттіңіз,
Сіңіріп Тектіліктің қасиетін!!!

Апатай, жүзіңізде – иманыңыз,
Көбіне кемел өмір сыйладыңыз.
Жазылсын сауап болып мәңгілікке,
Көз жасын жетімдердің тыйғаныңыз.

Болмайды ешкімнің де бір таласы,
Шынайы шабытымның шырқамасы.
Ардақты, асыл тұлға – Сара Апайым –
ӨЗІҢІЗ – ЕЛ АНАСЫ, ҰЛТ АНАСЫ!

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында ауыл жастары ақша жинап, тұрмысы төмен 25 отбасыға көмір алып берді (фото, видео)

Алматы облысының тұрғындары аязда өздігінен пайда болған алып мұзды көріп таңғалуда (фото)

Елімізде тұрғындар несие рәсімдегені үшін комиссия алған банктермен соттасып жатыр

Талқылау