Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда еріп кетпейтін ерекше балмұздақ шығарылды

Канадзава қаласында ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары еріп кетпейтін ерекше балмұздақ шығарды.

b5220a63b6aeb00149e6c9afaf9b4ed7

Бұл туралы Asahi Shimbun хабарлайды.

Бұл үшін олар құлпынай сығындысы – полифенолды пайдаланған. Аталмыш сығынды балмұздақтың бұзылып кетпеуіне мүмкіндік береді.

Балмұздақтың жаңа түрі кездейсоқ пайда болған. Кондитерде тауарлық сипатын жоғалтқан біраз құлпынай қалып кетеді. Ал мамандар оның бойындағы полифенолды десертке енгізіп, тәжірибе жасап көруге бел буған.

“Балмұздақ бұзылып кетпейді, тіпті жылы ауа ағыны келгеннің өзінде де ол ерімей сақталып тұрады”, – дейді мамандар. Жапониялық журналист жаңа балмұздаққа өздігінше тәжірибе жасаған. Белгілі болғандай балмұздақ 28 градус ыстықта бес минутқа дейін өзінің беріктігін жоғалтпаған.

Оқи отырыңыз:

Сарқыраманың қасында сүйіктісіне ұсыныс жасамақ болған жігіт сақинаны суға ағызып алды (видео)

Ер адам бұрынғы сүйіктісінің мәйітін тоңазытқышта сақтап келген

АҚШ-та әлемге танымал әншіден аумайтын бұзау туылды (фото)

Украиндік ұшқыш көз көрмес қараңғылықта 121 жолаушыны аман-есен жерге қондырды (фото)

Талқылау