Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та әлемге танымал әншіден аумайтын бұзау туылды (фото)

Техаста «Kiss» тобының мүшесі Джин Симмонстан аумайтын бұзау туылды. Бұл ұқсастықты әншінің өзі де растады.

 20170802014810 (1)

28 шілде күніКервилл қаласындағы «Cowboy Steak House» мейрамханасында жұмыс істейтін Хизер Леонард Тасетта фермасында танымал әншіден айнымайтын бұзау туғаныны айтты.

Бұзаудың түсі мен ұзын тілі де танымал әншіге ұқсайды. сол себепті шаруа иесі бұзауға «Джинни» деп ат қойып, суретін Facebook желісіндегі «Hill Country Visitor» парақшасына жариялаған.

53c2055e1d3623fd5c006331ab242424 (1)

Бұзаудың фотосы желі арқылы тарағаны соншалық ақырында «Facebook»-тегі «Kiss» тобының ресми парақшасына да жеткен. Джин Симмонс суретті көріп, өзінің бұзаумен ұқсастығын мойындаған. Осылайша«Джинни» атты бұзау «Cowboy Steak House» мейрамханасының бойтұмарына айналды.

«Расында да бұзаудың түрі оны өлімнен құтқарды. Ол стейк жасау үшін сойылмайтын болды», – деп жазды әнші «Twitter»-дегі парақшасында.

 

Талқылау