Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапония бастауыш мектептерге бағдарламалау пәнін міндетті пән ретінге енгізбек

Жапон балалары кішкентай кезінен бағдарламалау негізін үйренбек. Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология (Жапонияда барлығы бір министрлік) министрлігінің шешіміне сәйкес, бағдарламалау 2020 жылдан бастап бастауыш мектептерде міндетті пәнге айналмақ.

ff4ecf5c1a5f4667a010e6e09e209141

Бұл туралы geektimes.ru хабарлайды.

Ал орта мектептерде бұл пән 2021 жылдан, жоғарғы сыныптарда 2020 жылдан бастап енгізіледі. Бағдарламалау баланың логикалық қабілетін арттырып, шығармашылық мүмкіндігін арттыра түспек.

Бастауыш мектептердегі бағдарламалау ойын тәсілінде өткізіледі. Оқу материалдары құрастырылып, онда балалар ойын кейіпкерлерін басқару арқылы жазып, түрлі алгоритмдер құрастырады.

Қазір бағдарламалау Жапониядағы бірнеше префектураларда, мәселен мектеп әкімшілігінде, қоғамдық ұйымдарда, компанияларда енгізілген. Алғашқы сынақтар сәтті нәтиже көрсеткен.

Мектеп бағдарламасындағы өзгерістер еңбек нарығында бағдарламалаушыларға деген үлкен сұранысты тудырды. Болашақта бұл сұраныс көлемі тек арта түспек. Оның үстіне бағдарламалау тәсілдері әсіресе қарапайым адамдар үшін кәдімгі тұрмыста көп керек-ақ.

Бағдарламалауды бала кезден меңгерген балалар мектеп бітірген соң да еңбек нарығында еш қиналмай, жаңа заманауи өмірге бейімделіп кете алады. Өзге бірқатар елдерде бағдарламалау негізгі пәнге айналып үлгерген. Израиль бұл тәсілге 2000 жылы көшкен. 2014 жылы Ұлыбритания бұл пәнді балаларға 5 жастан бастап оқытатындарын мәлім етті.

Талқылау