Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапондық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннен кешірім сұрады

Юдзуру Ханю қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннен кешірім сұрап, болғанжайтты түсінбеушілік деп атаған.

теннн
Юдзуру Ханю Денис Теннен кешірім сұрап, олар қол алысып тарасты деп хабарлайды қазақстандық спортшының VK.com  желісіндегі фан-клубындағы парақшада.

Бұдан бөлек жапондық федерация да кешірім сұрап, Дениске қатысты соғып өту және басқа да айыптауларды жоққа шығарған. Онда федерация қазақстандық спортшыға байланысты қандай да бір жаза сұраудан аулақ екені айтылған. Осы мәліметтер жазылған ресми хат Қазақстан конькимен сырғанаушылар Федерациясына жолданған.

Бірақ федерация өкілдері қазірге мұндай хаты алмағандарын айтып отыр. Ал осы мәселеге қатысты пікір алу үшін  спортшының анасы Оксана Тенге хабарласуға кеңес берген.

Есте болса, бұған дейін жапондық спортшы Юдзуру Ханю Халықаралық мәнерлеп сырғанаушылар комитетіне Денис Теннің үстінен шағым түсірмекші болғаны жайлы ақпарат тараған еді.

29 наурыздағы ресми дайындық кезінде үш аксель жасамақ болған Сочи Олимпиадасының чемпионы Ханю айналу жаттығуына енді кіріскен Денис Тенмен соқтығысып қалмас үшін бағытын өзгертіп, салдарынан бортқа соғылып қалады. Ашуға булыққан жапон мәнерлеп сырғанаушысы Тенді айыптап, дөрекілік танытады.

Есте болса әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Денис Тен 11-ші орынды иеленген еді.

Талқылау