Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапон боевиктеріндегі қырғыз-бөгдепланеталықтар қырғыздарға ерекше ұнады

Қырғызстан республикасының тұрғындары өздерінің жапониялық фантастикалық фильмге қатыстарының бар екенін анықтады. Аталған жаңалық оларды қуантты.

Бұл туралы bbc.com басылымы жазды.

“Батылдар дауылы” фильмі кинотеатрлардан қараша айынан бастап көрсетілмек. Аталған фильм роботтар шайқасы туралы. Фильмдегі жағымсыз кейіпкердің аты “қырғыздар” болғандықтан, бүгінгі таңда Қырғызстанда көрсетіліп жатыр.

“Терминатор” фильмінің сюжетіне ұқсайтын фильмде Жер планетасының тұрғындары 2050 жылдан өткен шаққа оралып, соғысатын роботтар құрастырады. Кейін адамдар жасап шығарған роботтар “қырғыздармен” төбелеседі.

“Біздің тегін адам емес екенімізді іштей сезетін едім”, “Қырғыздар әзілдесуді біледі. Біз өзімізге күле білеміз” – деп жазады желідегілердің бірі.

Кей желі қолданушылары мұны “қазақ” мәдениетін теріс жағынан көрсеткен “Борат” фильмімен салыстырды. Мұнымен қатар, арасында “Фильмдегі құбыжықты қырғыз шенеунігінен айыру мүмкін емес!” деп әзілдейді желі қолданушыларының бірі.

Талқылау