Жаныңыз ауырған сәтте осы жазбаны оқыңыз

Бейсенбі, 14 Қыркүйек , 2017 12:15

Өмірдің өтпелі кезеңдерінде қолдауы жоқ адамдар күйзеліске түсіп, өздерін жоғалтып алып жатады. Ал біз мұндайда керісінше қоғаммен тығыз байланыста болып, ары қарай да арман-мақсаттарыңызға ұмтылуға шақырамыз. Себебі, әрбір жүзеге аспаған істің сіз үшін қайыры бар. Осыған орай, психолог маман Лилия Ахремчиктің бұйырмаған бақ туралы жазбасын ұсынамыз. Керегіңізге жарасын!

4062886b0768

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Меніңше, өміріңізде өзіңіз қалаған нәрсе болмай жатса, жабырқаудың қажеті жоқ. Себебі, бұйырған кетпейтінін жақсы білесіз. Ал бұйырмай тұрған нәрсеге ешуақытта жетпейміз. Бәлкім осы сәтте бұйырмай тұрған шығар. Бәлкім нақ осы адаммен бірге болу тағдырыңызға жазылмаған шығар. Немесе осы жұмыстың сіздің қалауыңызбен еш байланысы жоқ шығар. Яғни бұл бұйырмаған істің сіз үшін қайыры бар. Қазір жаныңыз ауырып, өзіңізге жасалған әділетсіздікті сезінсеңіз де, араға көп жыл салып өткен өміріңізге алғыс айтатын боласыз.

Жұмысқа тұра алмай қалсам, қынжылатын едім. Кейін аталған жұмыс орнындағы директорлардың жиі ауысатынын естіп жүрдім. Кей ер азаматтардың қоңырау шалып, хат жазса да, мені не себепті кездесуге шақырмайтынын түсінбейтін едім. Кейін сол жігіттің азаматтық некеде түсініксіз қарым-қатынас құрып жүргенін еститінмін. Пәтер мәселесін шеше алмаған кезде де ашуым келетін. Араға біраз жыл салып бір бөлмелінің орнына, екі бөлмелі пәтер алдым. Жігіт өзі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасамай, сіз оны үгіттейтін болсаңыз, алдағы өмірлеріңізде қуанышты сәттер болмайды.

Біреу жауып алған есікке қарай жүгірудің еш қажеті жоқ екенін өзіңіз түсініп тұрған шығарсыз. Бірақ, мұны әркім басынан өткеріп көруі тиіс. Мақсатыңызға қарай бірнеше қадам жасап, ол орындалмаса, жағдайды босатыңыз. Жай ғана босатыңыз. Назарыңызды басқа нәрсеге бағыттаңыз. Кейін ол өзіңіз қалаған нәрсе емес екенін түсінуіңіз мүмкін немесе оған жету тәсілін өзгертесіз. Қайда барғыңыз келетінін білсеңіз, уақыты келгенде барлық есік ашылады. Денсаулық пен бақытты құрбандыққа шалуды талап ететін есіктер ашылмайды. Осыны жадыңыздан шығармаңыз.


Жіберіп алмаңыз:

Қалай ауырмауға болады: Тұмауға қарсы 7 тәсіл

Қандай өнімдер жүйке жүйесін тыныштандырады

Жүрек талмасы ұстап қалған жағдайда 10 секунд ішінде өзіңізді құтқарып қалу жолын үйреніңіз

Жүрек талмасы болардан бір ай бұрын байқалатын 8 белгі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар