Қандай өнімдер жүйке жүйесін тыныштандырады

Дүйсенбі, 11 Қыркүйек , 2017 17:21

Ұйқысыздық, жұмыстың көптігі және тағы да басқа факторлар жүйке жүйесінің әлсіреуіне ықпал етеді. Бұдан кейін күйзелу мен жалпы әлсіреудің де ауылы алыс емес. Мәселені шешуге кейбір азық-түлік өнімдері көмектеседі.

1386874759_shokolad

Күйзелуге қарсы өнімдер

Көптеген дәрігерлер жүйке жүйесін дәрі-дәрмекпен тыныштандыруды ұсынады. Өкінішке орай, дәрі-дәрмектер кері әсер беруі мүмкін және кейбірі ағзаға жақпайды. Егер сіз денсаулығыңызға алаңдайтын болсаңыз, тағамыңызға қажетті өнімдерді қосу арқылы тыныштықты қайта қалпына келтіруге, күш-қуат жинап, байырғы өмір салтына келуге тырысып көріңіз, деп жазады Facebook желісінің “Жанұя тыныштығы” тобында.

Антидепрессанттарды мақсатты түрде ұзаққа созылған күйзеліс кезінде, гормон өндіру қатты бұзылғанда пайдалану керек.

Құрамында ақуыз, йод, С және РР дәрумендері мен магниі бар банан тыныштануға әсер ете алады. Бұл жеміс көңіл күйге түбегейлі әсер ететін серотонинді өндіруге көмектеседі. Оған қоса банан ұйқыны жақсартады.

Какао мен қара шоколад жүйке жүйесінің тез арада қалпына келуін қамтамсыз етеді. Таңғы уақытта ішілген бір шыны какао ағзада адреналин, серотонин және дофамин өндірісін арттырады. Бұлар жүйкесі әлсіреген адамның тынышталуына және жалпы жағдайының жақсаруына ықпал етеді. Какао-бобтар – табиғи антидепрессант екенін жылдық тәжірибелер дәлелдеген.

Депрессия мен күйзелісті емдеуде жаңғақтың орны ерекше. Олар жүйке күшін жайлап жақсартады, көңіл күйге әсер ететін гормондардың түзілуін реттейді, миды қажетті микроэлементтермен қоректендіреді. Күнделікті бір уыс жаңғақ жесеңіз, жағдайыңыз жақсарып, шаттанып жүресіз.

Теңіз балығында жүйке жүйесіне жақсы әсер ететін көптеген майлы қышқылдар бар. Балық пен теңіз өнімдерін жиі тұтыну арқылы жабырқаулы көңіл-күйдің алдын алуға болады.

Күйзеліс кезінде жаужапырақ қосылған шайды жатар алдында ішу ұсынылады. Ол беймаза күйді басып, ұйқыны жақсартады, сонымен қатар күндізгі енжарлыққа төтеп береді. Жүйкенің тынышсыздығын басуға сасықшөп те көмектеседі, оны шайға қосып ішуге де болады.

Өмір салтыңызды өзгертіңіз!

Егер әрдайым көңіл күйіңіз жабырқаулы болып жүрсе, өміріңізде бірдеңені өзгерту керек. Жұмыстан көбірек демалуға тырысыңыз, кинотеатр, көрмелерге барыңыз. Мүмкіндігіңіз болса, бассейнге жазылыңыз. Жүзу жан тыныштығын орнатуға көмектеседі.

Ойыңызды басқа жаққа бұратын, көңіліңізге жағатын істермен айналысып көріңіз. Ізденістер арқылы жаныңыз қалаған нәрсені тапқанда мазасыздық та кетеді.

Тағы да оқыңыз:

Жүрек талмасы ұстап қалған жағдайда 10 секунд ішінде өзіңізді құтқарып қалу жолын үйреніңіз

Жүрек талмасы болардан бір ай бұрын байқалатын 8 белгі

Алкоголь ер мен әйел миына қалай әсер етеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар