Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімxанұлы: Жақында мені кәсіпқой рингтен көріп қалуларыңыз мүмкін

29 қазан күні Алматыда қазақтың танымал кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін өткізеді. Осы күні кәсіпқой рингтен Жәнібек Әлімxанұлын да көріп қалуымыз мүмкін.

20160809085642

Бұл туралы Жәнібек Әлімханұлы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

«Қанат Исламның Алматыда өтетін жекпе-жегін асыға күтіп жүрмін. Бұл күні мені де кәсіпқой рингтен көріп қалуларыңыз мүмкін. Алла сәтін салса, 29 қазанда кәсіпқой бокстан бағымды сынап көрсем деп жоспарлап жатырмын. Әзірге қарсыласым белгілі болған жоқ. Кім екенін нақты белгілі болғанда айта жатармын. Мен кіммен болса да, жұдырықтасуға дайынмын», – деп атап өтті Жәнібек Әлімханұлы.

«Кәсіпқой боксқа бір жола ауысып жатырсыз ба?» деген сұрағымызға: «Әзірге нақты шешім қабылдаған жоқпын. Оны жеке бапкеріммен және басқа да өзіме қол ұшын беріп, көмектесіп жүрген ағаларыммен ақылдасып алдағы уақытта шешетін боламыз. Қазір ұлттық құрама демалып жатыр. Осы орайда кәсіпқой бокстан өзімді сынап көрейін деген ниеттемін. Біржола кәсіпқой бокстың есігінен кіріп, төріне шығам деп шешкен жоқпын әлі», – деп жауап берді боксшы.

Жіберіп алмаңыз:

Илья Ильин Ақтау сахнасында брейк биін биледі (видео)

Назарбаев ата-аналарға балаларын қандай спорт түріне беру керектігі жайлы кеңес берді

Қазақстандық боксшы қыз өзіне тиіспек болған мас ер адамды нокаутқа түсірген

Талқылау