Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының олимпиададағы басты қарсыласы жарыстан шеттетілді

Ирландиялық боксшы Майкл О Райли ешбір кездесу өткізбестен Риодан қайтатын болды. Бірер күн бұрын ғана Ирландияның олимпиялық кеңесі 23 жастағы спортшының допинг-тесттен өтпей қалғанын хабарлады.

Michael O'Reilly of Ireland reacts after winning his men's 75kg Middle weight boxing gold medal fight against Xaybula Musalov of Azerbaijanat the 1st European Games in Baku, Azerbaijan, June 27 , 2015. REUTERS/Kai Pfaffenbach

Фото: gazeta.ru

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Ол олимпиадада жолын бастаған болса, мексикалық мисаэль родригеспен кездесуі тиіс болатын. Ол спортшы да олимпиаданы екінші айналымнан бастайтын боксшылар қатарынан.

О Райли 75 келіде сынға түсетін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының басты қарсыласы саналады. Ал Жәнібек 1/8 финалдағы кездесуін алжирлік Иляс Аббадиге қарсы өткізеді.

Оқи отырыңыздар:

Рио олимпиадасындағы бассейн суы аяқ астынан жасыл түске айналып кетті (фото)

Қазақстаннан шыққан қыз Риодағы бокс ойындарында төрелік етеді (фото)

Рио-де-Жанейрода журналистер отырған автобусқа шабуыл жасалды

Талқылау