Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы олимпиада ойындарының ширек финалына жолдама алды

Бүгін Риодағы олимпиада ойындары барысында 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жәнібек Әлімханұлы сенімді түрде ширек финалға шықты.

20160809085642

Фото: ҚазАқпарат

Жәнібек алжирлік Ильяс Аббадиді 3:0 есебімен (30:27, 30:27, 30:27) жеңді. Сөйтіп сенімді түрде ширек финалға жолдама алып отыр.

Келесі кезеңде біздің боксшы әзербайжандық Камран Шахсуварли мен ресейлік Артем Чеботарев жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ширек финалдық кездесулер 15 тамыз күні сағат 22:00 де өтеді.

Бүгін сондай-ақ, түнгі 04.05-те “Қазақстан” ұлттық арнасында 85 келіде сынға түсетін ауыр атлет Денис Улановтың бәсекесі тікелей эфирде көрсетіледі. Бұған дейін қазақстандық боксшылар қатарынан 48 келідегі Біржан Жақыпов, 64 келідегі Абылайхан Жүсіпов және 60 келідегі Берік Әбдірахманов жарыс жолынан шығып қалған болатын. Ал кеше түнде Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Данияр Елеусінов 64 келі) және Қайрат Ералиев (56 келі) келесі кезеңге жолдама алды.

Талқылау