Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанармай нарығындағы дау ушығып барады

Астана мен Алматыда ғана емес, бензин тапшылығы еліміздің барлық аймағында ушығып тұр. Жүргізушілер бірнеше апта бойы жанармай іздеп, сабылып жүргеніне қарамастан, үкімет әлі нақты шара қабылдаған жоқ,-деп жазды КТК арнасы.

Ал бас қаладағы ұлттық оператор «ҚазМұнайГаз» бекеттері бензинді әлі тек талонмен сатып жатыр.

«Неге екенін білмедім ол жағын. Екі жетіден бері талонмен сатып жатырмыз»,- дейді сатушы  Қапаз Тілеужан.

Сондықтан астаналық көлік жүргізушілер бүгін де бензин таппай сабылып жүр. Жанармай құю бекеттері талоны жоқ темір тұлпарларды жолатпайды.

Елордадағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің құны  150-154 теңге деп тұр. Алматыда да баға осы жобалас. Оңтүстік астанадағы жүргізушілер де жанармай жоқ деп шулап  жүр.

Ал Атырау облысында жанармай тапшылығы аса байқалмағанымен, бағалары әртүрлі – 146 мен 150 теңге. Бірақ, кейбір ұсақ бекеттерде АИ-92 жоқ. Ресейлік АИ-92 көпшілігінде жоқ.

«Мұнайлы астанада тұрып жатырмыз, ұяттау  енді. Мұнай  арзандап жатыр, ал бізде  бензин  қымбаттатып»,-дейді көлік жүргізушісі.

Оқи отырыңыз:

Бауыржан Байбек ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Нығматулин министрге: Заң жобасына сенеміз бе, әлде сіздің жауабыңызға ма?

Ел тұрғындары жылуға 10 миллиард теңге қарыз

Доллар тағы да қымбаттады

 

Талқылау