Жанар Айжанова: Кешеден бері Тұңғышбай ағадан ұялып жүрмін

Жексенбі, 6 Қараша , 2016 10:14

Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросы «Феникс» көркем фильмін түсіруге арналған бюджеттік қаражатты жымқырған факті бойынша танымал актер Тұңғышбай Жаманқұловты ұстаған болатын. Аталған оқиғаға қатысты әнші Жанар Айжанова да өз пікірін білдіріп жатыр.

13402575_115783485517093_731510972_n

Фото: instagram.com/zhanar_aizhanova/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Байдың жорғасы көрінбесе де, кедейдің дорбасы көрініп қояды демекші, енді Тұңғышбай ағамыздың қалтасын санап жатырмыз ба? Ұят-ай! “Қан мен терде” Тәңіржан деп басымызға көтердік. Сол бала кезімізден көш басында келе жатқан, ел болып құрметтеген асылымызды бүгін мынадай дедік пе? Өз бетін аямаған кісі бетін шиедей қылады деген масқара.

Үйде отырып кешеден бері сізден ұялып отырмын, Тұңғышбай аға. Әділ шешім болып, сүттен ақ, судан таза болып шығуыңызға тілектеспін. Шыдамды болыңыз! Халқыңыз сізді қолдайды. Сізге деген қарындастық жылы көзқарасым ешқашан өзгермейді. Алдымызда жүрген біз үлгі тұтар тұлғасыз!” – дейді Жанар Айжанова.

Әншінің бұл пікірін желі қолданушылары да қоштай түсті. Олар өз кезектерінде актерді жақтап сөйледі. “ Қазақ халқы үшін ұят болды! Басқа ұстайтын адам жоқтай, беткеұстар ағамызды қара бет қылғандары несі?!”, “Иә, аға, сізге жала жапқандар оңбайды. Халықтың алдында қанша қара күйе жақса да, қасықтап жинаған абыройыңыз еш бұзылмас!”, “Жүрегім қан жылайды! Сенгім келмейді, сенбеймін де” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Аша мен Арман қыздарының есімін Асылым деп қойды (видео)

Гүлнұр Оразымбетова: Кім айтты менің жолдасым көрінбейді деп?

Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым

Артық сұрақ болмас үшін: Лидо өзінің қай ұлттан екенін айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

23
Комментариев
  • Анонимно says:

    Тұңғышбай ағаңа жаның ашыса ол кісіге нанды кептіріп (сухари) , майды қарынға салып жинай бер, енді ол кісі кемінде 8-9 жылға қамалады.80 жасқа жақындап шығады ғой.

  • Анонимно says:

    Дұрыс айтасыз косыламын сизге.

  • Анонимно says:

    Оте дурыс айтасыз Жанар ,халык колдайды Тунгышбай агайды.

  • Анонимно says:

    Жегенин желкесинен шыгарды. Одан баска каншасын жегенин ким билсин. Адилдик деген осы. Ешкашан унатпаушы ем озим де, енди типти жек корем.

  • Манарбек says:

    Сізге толықтай қосылам , не жазса соған сенетін ақымақ емеспіз , ол кісіні жамандағанды қойыңдар ,

  • Қалжан says:

    Енді мұндайларды қою керек!
    Ұят жағдай белең алып бітті, бір күні Анамызды абақтыға жабамыз,
    Ағада өзінікі рас болса, ештеңеде ұят болды деп қарамасын. алмағаны рас болса, мойындпмасын.

  • Анонимно says:

    Мен карапайым казактын биримин. Биликтегилердин осындай азаматтарды ел алдында маскараламай-ак , озине ескертсе де болатын еди гой. Енди жастарга улги кылар адам да калмай барады гой. Билик басындагы кейбир жандарды ешким де танымайды.

  • Анонимно says:

    Бунын бары коре алмаушылык.Бул азаматымыздын казакка сынырген енбегы коп .

  • Анонимно says:

    Тұнғышбай мойындап қойды. Алтын көрсе періште жолдан тайяр деген осы. Әлі талайын көреміз

    • Манарбек says:

      Өкімет адамдары мойындатқысы келсе , ол кісіні 69 миллион емес бүкіл қазынаны мен алдым деп айтқызады. Бөлінген 79 миллионның 19 миллионнын алыпты десе кішкене ойлануға болады ол кісі сондай ақымақ па 90% алатын

      • Сайрангуль says:

        Ози 79 млн онын 69 млн жымкырса 10 ак млн.га кино тусирген бе???? Фантастика!!!!!

    • Анонимно says:

      Тайяр емес таяр .Пікір жазғанда сауатты жазыңдарш құдайым ау

  • Анонимно says:

    Ия зиялыларды камап укимет басына клен дубаралар отырадыда улттын азганын сонда корермиз.Тап бир 37жыл.

    • Анонимно says:

      Қазақстанда жемқорлардың саны көбейді ғой

      • Анонимно says:

        Талқылауға қосылыңыз Агамыз ондайга бармайды , отирик, жала.

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар