Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша мен Арман қыздарының есімін Асылым деп қойды (видео)

Жуырда Аша Матай көптен күткен тұңғышын босанды. Сәбиін дүниеге әкелерде тележүргізуші қатты қиналған екен. Күні кеше Аша перзентханадан шықты. Ал қыздарының есімін Асылым деп қойды.

14726424_900637420038116_5945248242571673600_n

Фото: instagram.com/ann_2905/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Аша Матай мен Арман Қоңырбаев жұртпен қуаныштарын бөлісті. Жұлдызды отбасында қыз бала дүниеге келді. Жаңалықты алғашқылардың бірі болып тележүргізушінің құрбылары жеткізді. Енді міне Ашаның өзі аяқ-қолын бауырына алғанын айтып жатыр.

“Алла тағалама мың алғыс! Ата-ана атандық. Адамды дүниеге әкелу оңай емес. Өз басым қатты қиналдым. Бұл уақытта менің жанымда болған анашымның арқасында шыдамым жетіп, сәбиімді құшағыма алдым. Рахмет, анашым! Біздерді жан-жақтан құттықтап жатқан туысқандарымызға, достарымызға, құрбыларымызға, тыңдарман-көрермендерімізге ризашылығымды білдіремін! Әр үйден баланың күлкісі кетпесін”, – дейді Аша Матай.

Күні кеше Аша Матай мен қызы перзентханадан шықты. Оларды барша досы мен туған-туысқаны күтіп алды. Олар Аша мен қызына ақ тілектерін жаудырып, сыйлықтарын табыстады. Ал қуанышы қойнына сыймай жүрген Арман Қоңырбаев қызының есімі туралы айтып берді. Олар қыздарының атын Асылым деп қойған екен. Естеріңізде болса, Айқын Төлепберген де қызының есімін осылай қойған болатын.

Желі қолданушылары өз кезектерінде жұлдызды жұптың қуанышына ортақтысты. Оларға деген жылы лебіздерін жеткізіп, зор денсаулық тіледі. “Бауы берік болсын! Құдайдың сыйы ғой! Періштенің денсаулығы мықты болсын”, “Арман бауырым, қызыңның бауы берік болсын! Мен қуаныштарыңа ортақпын”, “Балапанның бауы берік болсын! Арман, Ақбота бақытты болыңдар. Кішкентайларың көп болып, қартайғанша олардың қызығын көріңдер” дейді желі қолданушылары. Арасында Ашаның анасының жымыймайтынын тілге тиек етіп, жағымсыз пікір білдіргендер де болды.


Жіберіп алмаңыз:

Гүлнұр Оразымбетова: Кім айтты менің жолдасым көрінбейді деп?

Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым

Артық сұрақ болмас үшін: Лидо өзінің қай ұлттан екенін айтып берді

Бақытбек Есентаев: Мен кінәлі емеспін

Талқылау